Көздi арбап жайнаң қағып жүрген елiк…

Көздi арбап жайнаң қағып жүрген елiк,
жатақтың құжырасына күнде келiп,
жолдастар, қара суды бөлiп iшкен,
жейттұғын жаңғыз құртты бiрге бөлiп,
 

аулы алыс адамдарша, жерi шалғай,
өзгемен кеттiк дара оңышардай.
Бөле алған жас қызықты жақсы кеуiл
атақты жараланды бөлiсе алмай.
 

Мiне, ендi шығу да жоқ тысқа шалқып,
айтамыз сөзiмiздi қысқа қарпып.
Қолтыққа нойыс намыс су бүркедi,
кетсе әгәр мақтау шiркiн мысқал артып.
 

Көнбеймiз қызметтiң де артығына,
қимаймыз не қасиеттi шартығыңа.
Кетедi ортамызға тастап бүлiк,
жарқ етен қос жанардың жарқылы да.
 

Ұйықпыз, баққан басын сөз қуыста,
кеткендей кiсен салып мезбiл — ұста.
Құдайдың жатқан тегiн топырағын да
келмейдi қарматқымыз өзге уысқа.
 

Бұ не өзi? Бiздерге осы не жетпейтiн?
Мына хал жақсылық па безектейтiн?
Десек те табысалық, шыға бере
қалады әркiм сақтап өжет кейiпiн.
 

Ау мұның Iбiлiстiң iсi емес пе?
Ере ме кеме ойлы кiсi елеске?
Әркiмнiң бар дегенде өз несiбесi,
жаңғыз құрт қалтадағы түседi еске.
 

Сондайда шаруа жасар бiр келелi
жайлайды жақсы ниет күнде менi.
Бiздердi бытыраған қайта қосар,
бiлмеймiн, жаңғыз құртты кiм бередi?
Айт, жолдас, оның шықса бiр дерегi…
 

09.06.1979

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *