Бiр от бар қарсы бетте жылтыраған,
сол тұста келiншек бар тұрқы ұнаған.
Басына жат кiсiнiң қонған баққа
несiне құмартады, шiркiн адам,
деймiн де, көп тұрамын соған қарап,
беремiн оңаза ойға табанда мат.
Мысықша көзiн жұмған сөнгенде шам,
iшiмнен әлденеге алаңдап ап,
өрекпiп, бiр басылып, бiр аптығам,
басымнан бар шаруаны лақтырам.
Жұлдыздай сығалаған бұлт iшiнен
жанса деп сол жарықты тiлеп тұрам.
Не пайда бiлмен маған одан, Алла-ай,
отырам екi көздi содан алмай.
Жылынан өзге бiреу сарғыш отты
жатыр, деп абыржимын, неге жанбай.
Бұ не өзi? Бiр соқпақ па шығар тауға?
Ол басты апарар ма қыл арқанға?
Жiп тақсам сол бiр отқа мен құрмалап,
тағы да өзге отқа шын құмартам ба?
Мен үйтсем, көтермекпiн қанша ұятты?
Сән бе екен сағалаған әр шырақты?
Аспанын сол ошақтың тұран тiреп,
жiгiт те жан емес пе мен сияқты?
Ол, бәлкiм, болмас сылқым, сөзi керiм,
шығар-ау таппаған да кезiгерiн.
Бiреудi бағым үшiн бақытсыз ғып,
құм шашам мен қалайша көзiне оның?
Нәпсiнiң ұнаса да көл-көсiрi,
мақұл деп қоштар ма екен пенде осыны?
Жабысу жат бақыттың шалғайына
жөн бе осы? Оның қалай жөн-жосығы?
Сөзiм жоқ, түк те дәлел таба алмаймын,
жақтайтын жiгiттiктi жарандаймын.
Сөксем де өзiмдi өзiм, сарғыш отқа
қуана, бiрде ұяла.. алаңдаймын.
30.12.1979