Озатың бар ма тапқан одан басқа…

Озатың бар ма тапқан одан басқа,
қоймасаң, кемисiң бе, кек алмасқа?
Ойлайсың қай жұмаққа жетемiн деп,
қорлық қып бiр момындау замандасқа?
 

Нелiктен жылы жүзiң жоқ бұрынғы,
көрсету өнер ме екен көктiгiңдi?
Ноқталы күйеуiңдей көремiсiң,
қызықшыл қылмыңдаған көп құбылды?
 

Сыртынан жөн бе кесу кiсi нарқын?
Жатыр ма ой көгiне ұшып әр кiм?
Озық деп оңазаны ойлайсың ба,
таңдана тамашалап тiсiн алтын?
 

Ол, мүмкiн, ерткен көптеу жат алашты,
аяқпен тепкен шығар татар асты?
Аз күнге ажарыңды азық етер
бәтшағар болар оның бақа басты?
 

Түсiнсең, дәл мынауың қандай қылық,
жатыр ғой, дегенiң не, ел де айрылып?
Мойны озық жамиғаттан жiгiт болса,
сылқымдар қалған қалай салмай құрық?
 

Қой, ерме кеуiлдiң көп ғапылына,
ажар қос алтындатып ақылыңа.
Әкесi ол балаңның емес пе едi,
күйеуiң толмаса да тақымыңа?
 

Не дейсiң? Шын шайтанға ересiң бе?
Дейсiң бе жүредi алып төбесiнде?
Төбеге қара бет боп шыққаныңды
сен абырай, шыныменен, көресiң бе?
 

Не деймiн, айтарым жоқ қосып, алар,
тартылды кеуiл-дария жошып ағар.
Алдын жөн ақылсыздың ететұғын
ғапылы бұ дүнияның осы болар…
 

08.04.1980

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *