Немене менi саған қылған ғашық…

Немене менi саған қылған ғашық?
Есiмнен қалғандаймын мүлде алжасып.
Жарқ етсе аялы көз, шалғайына
жанарым жебе болып жүр жармасып.
 

Жәнә дә жалтақтаймын жас өңiне,
бұ не өзi? Оңаза ойдың әсерi ме?
Өзiңе сонша сенiп телмiремiн,
қараймын жәнә қайтар меселiме.
 

Еркесiң. Сенен бiр саз шалқығандай,
тұлғаңда назбедеудiң қалпы бардай.
Бiлмеймiн тоңарымды, күйерiмдi,
от пен су қосақтаса шарпығандай.
 

Келмейдi шыққым менiң одан бiрақ,
қалғандай кердең кеулiм саған құлап.
Сезгендей жайсаң жанның жас жылуын
қарайсың ақ алмұртша сен албырап.
Ұмтылам сол жемiстi мен тiстеуге,
сияқты маған бiрақ ол түс бейне.
Шынымен бередi пекен бәндәға бақ
жаныңа түскен мұндай тартыс кейде.
 

Мен соның қарай-қарай айбарына,
шығуды еш бiлмеймiн қай жағына.
Апырмай, бақыт шiркiн аунап-қунар
қартаймас кергез кеуiл кйнағы ма?
 

Бiлмеймiн. Жоқ ақылым мүлде менiң,
жас лептi жалмап-жұтып үлгердi ерiн.
Келемiн аңғара алмай сол шайқаста,
шынымен, кiм жеңiлiп, кiм жеңгенiн?
 

Есiм жоқ, айналайын, мүлдем менiң…
 

1980 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *