Жетпедi көптен берi бiр хабарың…

Жетпедi көптен берi бiр хабарың,
сағынттың, жан жүйемдi тырналадың.
Кетсең де Мысыр асып, тiлейтiнiм,
аман-сау, ойнап-күлiп жүр, қарағым.
 

Сондайсың, сен келмейсiң бiрақ неге?
Айтылған мұны әшейiн сұрақ деме.
Көрмесең менi жақсы, сырыңды ашып
болатын сыбырлаған кiм әпкеңе?
 

Бүгiнде әлдә соның ұмыт қалды,
кеулiңнiң дарбазасы құлыпталды?
Мөлдiреп қарамықша тұрар көзiң
қойды ма қапа болып, сыр ұққанды?
 

Болмаса ит қосты анау iз кестiрiп,
басқамен сынады ма жүздестiрiп?
Шынында, осылайша қабақ бағу
болатын қай заманда бiзде ескiлiк.
 

Жарыңа жәнә ескiлiк оя толмау,
сан болған салқын, сабат сая таңдау.
Желiгi жастық шақтың басылағасын,
мүмкiн бе ол шындыққа ой апармау?
 

Сен сүйттiң. Толықсыдың бақ iшiнде,
жоқ-ты оған етер айла-әдiсiң де.
Көмейден тау өзенi гүрiлдеткен
отырдың құлақ салып таныс үнге.
 

Мелшиген самсоз болып шомбал тастар,
асқақ шың жеткiзбестей арманға асқар.
Көзiңнiң қара суша күңгiрт тартқан
түбiнде бiр ыстыққа толған жас бар.
 

Солардың әр тамшысы жұлдыз анық,
бiр жылтыл жанарыңда тұрды жанып.
Құбылды дем дiрiлдеп, екi бетiң,
заматта бiр сұрланып, бiр қызарып.
 

Толқынға шыдамадың сен ақыры,
тiрлiктiң ашылғандай жаңа қыры
сөндiрер жанған оттан жаңбыр iздеп,
жосықтың қараң қалып қара ақылы,
 

ұмсынды. Кеттiң демде баладай боп,
шым-шымдап өн-бойыңды аралайды от.
Жылт етiп соңғы жалын сөнген сәтте,
жаттың сұлқ көктемдегi даладай боп.
 

Бақытты ең осы шақта көп әрнеге
шоматын менi сырға сараң деме.
Таңғалам, бiрiн бiрi бақытты етiп,
жүрмейдi осылайша адам неге?
 

Жатыр ма әлдә сонда өз кiнәмiз?
Тындырмай шаруа, неге сөз қыламыз?
Хабарсыз кеттiң содан, уақыт өттi,
жаз шықты, көктем туды, келдi тамыз.
 

Емеспiн бақытты да, бақытсыз да,
жандаймын мен оянған жатып мұзға.
Сейiлде сен ойымда тұрғандықтан,
салмаймын көздi не бiр сатып қызға.
 

Жетер деп жәнә ойлаймын бiр хабарың,
iздеймiн жолығудың түрлi амалын.
Кетсең де Мысыр асып деп тiлеймiн,
аман-сау, ойнап-күлiп жүр, қарағым.
 

Шыным бұл. Туса дағы нелер күмән,
әжуа емен жүрер жолды мен аңдыған.
Сен аман болсаң, мен де бақыттымын,
жаныма соны жаңғыз медеу қылам.
 

26.12.1980

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *