Жас қырыққа қараған,
қирады отыз ордасы.
Маған бiрақ жаңадан
басталардай жол басы.
Содан болар, жан-жаққа
көп қараймын алаңдап.
Не берер деп алғы апта,
күтем күндi жалаңдап.
Келедi ақыр ол күн де, —
жоқ қолыма тұтқаным.
Көншiмейдi кеуiл де,
десе дағы жұрт жарым.
Сосын… ағар күн шулап,
жылмаң етер жылдар да.
Тойламастан ырысымды ап,
менi құдай ұрған ба,
деп, саналып бiр мықтың,
жүрсем дағы, қысқасы,
деймiн, неге тiрлiктiң
жоқ пәленбай нұсқасы?
Әгәр олай болса ғой,
бастар едiм қайта өмiр.
Жатпас едiм шаршап ой,
қажымас ем, әйтеуiр.
Тiрлiк бiрақ тарланбоз
хайталанбас, қысқасы.
Ол — керуен болған кез,
ол — сурет жоқ нұсқасы.
Әгәр болса ол нұсқа,
жемей дәмдi бұйырған,
ел бастайды тұрмыста
қиырман да шиырман.
Дағдыр соны ескерiп,
өмiр берген өлшеулi.
Жұмса орнымен, бөспей түк,
қайрат дейтiн мол селдi.
Қылсаң оны сен тәрк,
көрiнгенмен ұстасып,
дейсiң кеткен жалтарып,
болса өмiрдiң нұсқасы.
Қайда ол бiрақ? Ол сыйды
бере салар кiм саған?
Деме кеуiл көншидi,
бұ дүнияда тұрса адам.
Соны ескерiп, сан оймен
қол қағазға салса өрнек,
таласамын талаймен,
алапамды алсам деп.
Сөз айтпастан тасадан,
ұстаспастан, қысқасы,
деймiн мықтап жасасам,
өмiрiмнiң нұсқасын.
Шаршатты әбдән осы елес,
шамырқанып жүрмiн мен.
Бәлкiм, әлi кеш емес,
бәлкiм, кештеу… кiм бiлген?
30.11.1980