Бiр әкiм болғанымды әз етемiн,
талайын тайсалтамын қазекеңнiң.
Не сығай алдыма кеп иiлгенде,
көремiн төбесiнiң таз екенiн.
Жатқан жоқ олар маған жәй бағынып,
шаруа айтад. Мен отырам майда күлiп.
Қараймын мен билiктiң келбетiне,
төбесiн әлгi таздың айна қылып.
«Қол жетсе, жадырашы, жырқылдашы,
билiктiң мүлдем бөлек түр-тұлғасы..
Астына кiшкене тақ бiте қалса,
бәндәға мүмкiн бе деу тартынбашы»,—
деп ойлап, күн туса да кейде қандай,
жағдайдан айрылғам жоқ сыйлатардай.
Сондықтан қолпашшылды қорғаштаймын,
айнаны бiр көргенсiз қиратардай…
18.11.1980