Сен жүрсiң шыңда шырқап…

Сен жүрсiң шыңда шырқап,
сусылдап қос қанатың.
Жойқын жыр тыңдаса ұрпақ,
дейсiң сен, асқақ ахун.
 

Шайырлар рухындай
қалпың бар қасқаратын.
Тұрса да сыбыр тынбай,
тiлiңмен тас жаратын
 

бетiне билiктi ұрып,
көрместен езге еркелеп,
ырғақты ширықтырып,
жұмсайсың сөздi желкелеп.
 

Деместен тыңдар ма жұрт,
жағасың от арлаған.
Сырларың қылдан нәзiк,
жырларың топандаған.
 

Жәнә әппақ бейiлiңдi
қалпың жоқ қаспақтамақ.
Төгесiң мейiрiңдi,
тұрмастан асқақ қарап.
 

Содан ба, сәндi кеште
қалмады басымда ила.
Бұрқақты салды ма еске,
шалдуар шашым бұйры?
 

Жоқ, әлдә дағдыр мына
қосқан ба бастан бiр-ақ?
Көздерiм жандырды ма
көлбеген аспан құлап?
 

Құмартып шаттық әнге,
тасқасын күй арнадан,
өр кеудем тартты ма әлде
қияны қиялдаған?
 

Түрлер бар таңғалысқан,
ойым бар болған алаң.
Аққу-ай, арлап ұшқан
бейiштей Фәрғанадан,
 

сал сезiм болды әз суат,
әз бұдан қайда бақыт?
Шағылып шандоз шуақ,
жатқандай қайнар атып.
 

Тартқандай ғарыштан нәр,
жоқ кәзiр саз ұнамас.
Тарнауда табысқандар
оп-оңай ажырамас.
 

Жатыр ғой алда алыс маң,
табылсақ сол даладан.
Аққу-ай, арлап ұшқан
бейiштей Фәрғанадан,
 

табыссын бiлек бiр күн,
болашақ нұр өптiргiн,
деп сен де тiлеп тұрдың,
деп мен де тiлеп тұрдым…
 

1980 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *