Қатыгез қыс ақтарғандай сыр салқын…

Қатыгез қыс ақтарғандай сыр салқын,
қарын бүркiп, аязымен тұр шарпып
Алтын болса мына жатқан ақша қар,
қай жерiме сыяр едi мұнша алтын?
 

Әне, көктi шықты бiр бұлт тұмшалап,
үпелектер алды билей бiр сағат.
Бақыт болса мына жатқан ақша қар,
қай жерiме сыяр едi мұнша бақ?
 

Соны ойланып жүргенiмде, қарашы,
көктем келдi алтын, баққа таласып.
Кешегi қар су боп ағып сырғыды…
Баянсыз-ай! Бiлiп айтқан шамасы…
 

22.01.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *