Желiгiп жаман сөзге жендет деген,
айта сап жаман сөздi, мен кеткен ем.
Кейiннен сол қылығым болды қиын,
қысылтып, топ қалмады, терлетпеген.
Ойладым ұмытам деп бiрақ бәрiн,
келдi ендi сол кезеңнен жырақтағым.
Соңында… ерiп келiп еркегiңе,
батылсыз, босағаңнан тұр аттағым.
Күтпеген менен мұндай әсте қылық,
барады беттегi анау қас керiлiп.
Жасырған талай сырды қос жанардан
кетердей кенет ызалы жас төгiлiп.
Жошыған мұндай кезде тiл де келте,
қуаныш жоқ жүзiңде мүлдем ерке.
Қасыңның қарауытқан астын ала,
тұнжырлау түскен құлап бiр көлеңке.
Қайбарттық қайсымыз да соған қарап,
бердiк бiз оңаза ойға табанда мат.
Қабақты қу тақырша шыт-шыт болған
көрдiк те, алдық iштей жамандап-ақ!
Сен де үйттiң. Көзiң оны жасырмады,
кеуiл де кердең тартқан тасынбады.
Ақыры абайласып, аңлап бәрiн,
қандай ед қабағыңның ашылғаны!
Ойладым, сондай жанбыз, мiне, бiз, деп,
табыспай неге тоң-торыс жүремiз көп?
Келiншек, тәлпiштене қатқан тiлдi,
дейсiң бе келер сенi үнемi iздеп?
Жүрсек те қанша көрiп қысым, iштей
кеуiлдi жүрген жақсы-ау iсiрiспей.
Тулаймыз неге бiздер болмашыға,
төркiндi тереңдегi түсiнiспей?
Әгәрдә бере берсек соған ерiк,
бүгiнде бiз мамыражай болар едiк.
Маңдайың сенiң дағы ашылар-ды,
келсе оған құт болардай қонақ ерiп.
Жора ғой бiрақ бiзге қысым iстеу,
шекенi жараспайды iсiрiспеу.
Бiр бiрiн бәндәләрдың түсiнуi үшiн,
алдымен, керек мұндай түсiнiспеу.
Татымсыз түсiнiскенiң өйтпегенде,
жүргенiң жолығыса алмай дөйт дегенге.
Бiреудi кейде ырзамыз әдейi ұқпай,
ырзамыз кейде сырттан кеппегенге.
Қайда осы сонда бiзде баян деген?
Жыртысу жөн бе алапа аярменен?
Түсiндiм. Түсiне қап сен де кенет,
жымидың. Қандай аяр әйәл деген?!
Келмейдi өзiңе ендi байқа дегiм,
керiлiп қалған кенет шайтан ерiн.
Тағы да түсiнiстiк, шүкiр бұған,
әгәрдә түсiнiспесек, кәйтер едiм?
19.03.1981