Бар болсын бүйтiп сенiң қайрағаның…

Бар болсын бүйтiп сенiң қайрағаның,
көздедiң қайраған боп пайда жағын.
Достыңның аяғына тоқпақ байлап,
шынында, қызық топта сайрағаның.
 

Көсемсу жәнә жақсы құлағанға,
ылай-батпақ жұға қоймас бұдан арға.
Iс қағып табаныңа, ыржалақтап,
қамқорсып не жетедi сынағанға?
 

Демеймiн сондай тiрлiк бүгiнге жат,
мүмкiн бе, сiрә, қою құбылға мат?
Жiгердi бiрақ неге жеп түрпiше,
кеттiң сен аяқ асты қырын қарап?
 

Лепiре сөзiң қайда борандаған,
жылмиып күлкiң қайда менi арбаған?
Мiнберге, мiне, тағы шыға салып,
дос, бауыр, жолдас, дейсiң, адамға адам.
 

О ғажап! Мен көтерiп қос қолымды,
кенеттен сездiм iштей өскенiмдi.
Апырмай, бiз нелiктен жүрмiз бiлмей
шымшыған сылап тұрып дос кеуiлдi?
 

Ұқсаңдар, мұның аты өзара сын,
алдымен сынау үшiн сөз аласың.
Қамшылап жолдасыңды, күле отырып,
iштегi не пәледен тазарасың.
 

Қазақтың лағнат деп келтегiне,
қайрайсың қайрақ болып ертеңiне.
Досыңа төмен тұрған тiл қатасың,
даңқтың шығып алып сен төрiне.
 

Шынында, қайрау бар ма одан асқан,
күтпеймiн құйттай қолпаш мен алаштан.
Озады жараспаған мұныменен,
мұнымен озады ақыр не жарасқан.
 

Бұл шындық. Қатты ұнайды сайрағаның,
шынында, ұнатпасқа қайда амалым?
Қайрақты күл-талқан ғып, сенi көрiп,
шошынып, сенi көрiп… ойланамын.
 

05.01.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *