Тағы да тосу бар ма алда…

Тағы да тосу бар ма алда,
жылмаңға басқан бұл не аптық?
Шынымен, ұмыт қалған ба
жарасқан ерге шын мәрттiк?
 

Ұмыт боп… Бұ не деген сөз?
Ол әлде айғай бос өктем?
Күн кешер қалай көгенкөз
сас ниет, бақай есеппен?
 

Сенбеймiн соған, аранға
апарар болса сырғақтық,
бұйырмыс болмақ оларға
атадан қалған бұл мәрттiк.
 

Дегенмен шаруа оп-оңай
бұл емес. Алмас сыншы ақы,
кей кезде тұрар неқолай
данадан жоғары бiр саты.
 

Ол өзiн сүйтiп қорлайды,
көзiнiң қатты етi өсе.
Менсiнбеу үшiн сондайды
қажет-ақ мәрттiк екi есе!
 

Алдайды кейде бiреулер,
тиегiн тiлдiң ағытып.
Сен алма пышақ iреуге,
шынайы мәрттiк танытып.
 

Ескермей бiрақ бiз мұны,
жатамыз қол сап жағаға.
Сұйылып ақыл тұздығы,
түспеймiз мүлдем қанаға.
 

Бәндә осы қисық мүлде ойы!
Бiтер ме мәрттiк мұнымен?
…Көзiмдi жұмып күн бойы,
көз iлмей шығам түнiмен.
 

06.03.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *