Қалайша кәзiр демекпiн…

Қалайша кәзiр демекпiн,
қасыңды сүйiп, қосын жек.
Бас изеп маған сен өттiң,
мен де өттiм саған бас изеп.
 

Сап-салқын сондай түрiмiз,
толғандай ақыл сабасы.
Жақсы ма, сiрә, мұнымыз,
емес пе ек адам баласы?
 

Көнбеймiз неге қолқаға,
кеуiлдi неге кiр шалған?
Араздық иттi ортаға
бомбадай етiп кiм салған?
 

Болмаса сырттай дым бiлмей,
ыржыңдап, масша күлiп кеп,
қояны қатқан бiлдiрмей,
жамбарсып жорта жүрiп пе ек?
 

Таңғалам, басты шайқаймын,
жатқандай батпан мұнда зiл.
Бiр өстiк десек, байқаймын,
сенедi соған кiм кәзiр?
 

Ондай да кейде бар кiсi,
ойда тек сұрақ тұр әлi:
осы ма дағдыр талқысы,
осы ма өмiр сынағы?
 

Бiз де бiр қаңбақ жолдағы,
кеулiне кербез күй жақпас.
Кешпесек тiрлiк болғаны
өмiрге өргек изеп бас.
 

27.01.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *