Сен оның қызықтың ба атағына,
шенiне, жұрт жабатын шапанына?
Бiлмедiм. Бәлекей тез бола қалдың,
қоңторғай қарамастан қатарыңа.
Бiрақта осы болды бiткен жерiң,
дүниядан көздi арбаған түк көрмедiң.
Түскендей тұзды көлге жан қинады,
байлыққа тұрған дайын гүмп бергенiң.
Өтiптi содан берi бiрнеше жыл,
қанапты дайын дүния түрмеше бiр.
Солыпты ажарың да. Сарғаймай ма
сәуiрдiң самалымен жүрмесе гүл?
Шынымен, ертедегi шырай қайда,
шалменен шандоз ару сылаңдай ма?
Ажарың ақ сағымдай қайда қашқан,
тамылжып, табы теуiп тұрар майда?
Жәнә дә толысыпты нәзiк мүсiн,
шырайы еттi ернiңнiң азыпты шын.
Өткендi құрмалаған көзiң ғана
тұрғандай деп өзiме жазықтысың.
Жазықты? Жаратқаным, сақта бұдан,
өзiңнен мен қалайша таппадым ән?
Шалғайға мен қалайша шыға алмадым,
шырғалаң бiр жыныстың шатқалынан?
Жармаспай неге өмiрдiң қоң етiне,
қанағат қылғам қалай дөрекiге?
Кететiн осылайша өкiндiрiп,
шiркiннiң бақыт дейтiн әдетi ме?
Жапырағы жiгiт кезде жайқалмаған,
әлде тiл тұсалды ма тайпалмаған?
Күлкiмдi кәзiр менiң келтiредi,
сонда өзiм бiр ауыз сөз айта алмаған.
Қыздарға сол ықыласты талай мығым,
алда деп, бiлдiрмегем, арайлы күн.
Тiлектiң сол уақытта айта салар
бiлсемшi егде шақта оңайлығын.
Көз жеттi көп жылдан соң соған, мiне,
бiлмедiм қап қойды не, оралды не.
Отырмын қарсы алдыңда қарным сипап,
тоналған әжуадай көп әңгiге.
Шалыңа жымиясың ал сен қарап,
шiркiннiң бет-ауызы өңшең далап.
Жатырмын жосылта айтып мен өтiрiктi,
iшiмен бұ қылуамды көрсем де ағат.
Өмiр бұл! Жаңылмайтын жол ұстаған
дағдыр көп тарнауларда тоғыспаған.
Жатады махаббат та жатқа жем боп,
өмiрi орқылдақпен оңышпаған.
Жөндемек оны кештеу iсiң құрсын,
деген де жараспайды ңқұсым, дүрсiңң.
Бақытқа iшке қонған жат жария,
бәлекей, iшiң бiлсiн, iшiң бiлсiн…
17.03.1981