Деме мынау бос сөзiң…

Деме мынау бос сөзiң,
демен содан құримын:
сау болса да қос көзiм,
мен өзiмше қылимын.
 

Ұқпан мұны мүлде өзiм,
деймiн кейде бас бар ма?
Жердi шолса бiр көзiм,
бiр көзiм жүр — аспанда.
 

Мен емеспiн сыр мiнезiң, —
шөппiн өскен өртеңге.
Бүгiнде жүр бiр көзiм,
бiр көзiм жүр — ертеңде.
 

Неге, деймiн iшiмнен,
неге жүрмiн бөлiнiп?
Өзiм неге түсiнген
шықпайды сыр көрiнiп?
 

Көздi Жер мен Бүгiнге
жатсам қадап, жоқты елеп,
Ертең, Аспан мырың деп,
қалмайды ма өкпелеп?
 

Көзiмдi Ертең, Аспанға
салсам, жұрттан боп бөлек,
Жер мен Бүгiн тасқанға
қалмайды ма өкпелеп?
 

Қиын кәзiр не дерiм,
қос көзiм тұр құбылып.
Әлi жолда келемiн
сүрiнiп, бiр жығылып…
 

26.01.1981

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *