Салсаң көздi өткенге,
жан қырнайды сұм қырғыш.
Бұ пәнидә жоқ бенде
жасамаған бiр қылмыс.
Соған сiлтер жетедi iз,
кейде ақылды бақсы ғып,
ойсыз қылмыс етемiз,
жасаймыз деп жақсылық.
Кейде ұмыт боп некемiз,
тоңды ерiтiп сiреулi,
ойсыз қылмыс етемiз,
жақсы көрiп бiреудi.
Кейде шығып жеке бiз,
қолың көкке жеткендей,
ойсыз қылмыс етемiз,
жақсы көрмей, жек көрмей.
Соның соңы… құрысын!
Жандай улы жиған нәр,
ырза қылмай бiр iсiң,
қырғыштай боп қинайды ар.
Еске ап сосын бабаны,
түңiлген бар тұрмыстан.
дейсiң, өмiр сабағы
қорытылмақ қылмыстан.
Бiзге медет бұл күштi!
Таза ма екен бұл күнгi iс?
Қап, айтам деп қылмысты,
жасап қойдым бiр қылмыс…
02.01.1981