Беталды безбей тырқырап…

Беталды безбей тырқырап‚
достықтан тауып бiр тұрақ‚
қарашыл болдым жасымнан
үйiрсек аттай шұрқырап.
 

Қарамай құлдық ұрғанға‚
қарамай қулық қылғанға‚
сенiсiп кеттiм сыр тартпай‚
құшағын ашып тұрғанға.
 

Жәнә да жандай саралап‚
сыртынан күлмей табалап‚
iнiнi жүрдiм iнiкей деп‚
ағаны жүрдiм ағалап.
 

Содан да болар‚ мұңдасқан‚
көбейдi сардар сыйласқан.
Қалмады еш кеулiм құрбымнан‚
қалмады еш кеулiм құрдастан.
 

Сыйластық осы деп қызық‚
қиқумен күндi өткiзiп‚
көп жүрдiм жетпей жатқанда‚
жолдастың жоғын жеткiзiп.
 

Танатын содан мен емен‚
достыққа тозбас көбең ем.
О тоба‚ кенет мен неге
барамын болып тебеген?
 

Осындай ма едi сияғым‚
қаттылық неге жиямын?
Жуыған жанға тайларға
дап-дайын неге тұяғым?
 

Ағалар сүйтсе елерiп‚
нәсiлге нойыс не жорық?
Не болып бiздер барамыз‚
барамыз осы не болып?
 

Өтсе өмiр мына күйiнде‚
батарсың не бiр иiрге.
Тапсам ба деймiн махаббат‚
қайтсам ба деймiн үйiрге…
 

27.10.1982

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *