Бiреулердi дос қылып‚
бiреулердi ұлықтап‚
алмайын деп өш қылып‚
ауызымды құлыптап‚
жайдақ судай бiреуге
көп тастаппын көпшiктi.
Бел шешпеппiн iреуге‚
көрген кезде қоқсықты.
Соған ақыр өкiндiм‚
ар алдында толғанып.
Мiне‚ сойып отырмын‚
өзiмдi өзiм қолға алып.
Тағдырым ба бұл күткен?
Баққа осы ма жеткенiм?
Лайқат па тiрлiктен
құлып болып өткенiм?
Бұдан кеттi кiм асып?
Татпақ ләзiм әр кiсi у?
Неге керек сынасып‚
таласу мен тартысу?
Қоймайды оны ел бiрақ‚
жүр жауласып арқалы ер.
Жар салғанмен даңғыра ап‚
жаңғырған жоқ жалпақ ел.
Жөн бе әлде бас қайттаған?
Бiтер емес биыл дау.
Қиыны — сын айтпаған‚
айтқан — одан қиындау.
Қозғамашы оны түк‚
бiр қозғалар… Кiм бiлген?
Өмiрiмдi қорытып‚
тiрлiк кешiп жүрмiн мен.
04.04.82