Жан сабырын жоғалтса,
жортып жүрiп сүрiнсем, —
қолға түссе көп ақша,
не iстерiмдi бiлушi ем.
Қас қылғандай соныма
сабыр шашып жүрмедiм.
Көп пұл түстi қолыма,
не iстеудi тек бiлмедiм.
Соңы — мастық шалжиған,
жағдай жүрген күнде естiп.
Бiлместiк-ау мал жиған,
жимаған да — бiлместiк.
1982 жыл