Керiлген жаннан көз алмай‚
жолында жоқ боп тозардай‚
күн-түнi қудық қызықты‚
ойнақтап ерке сазандай.
Қандырамын деп құшырды‚
шарап та қанша iшiлдi.
Ұмыттым үлкен iсiмдi‚ —
кейiннен бәрiн жазардай.
Бiтпедi қызық қыз бенен‚
бiз болдық сейiл iздеген‚
кездескендi өптiк көзбенен‚
тыңнан бiр құдық қазардай.
Желiк те ақыр басылды‚
ақ қырау шалды шашымды‚
уақыт текке шашылды‚ —
барлығы бұлдыр тозаңдай.
Заманға дегем иемiн‚ —
соныма қатты күйемiн‚
жұдырығымды тас қып түйемiн‚
қайнайды iшiм қазандай.
Жасамай жұмыс жапырып‚
ендi ойым әлем-тапырық;
басымды қолдан қатырып‚
отырмын басты жаза алмай…
09.04.1986