Жарқырап‚ жайнап жанарың‚
кеулiңнен берген хабарын‚
телефон соққан түнде кеп
еркiнсiп, кiмсiң‚ қарағым?
Асықпай айтқан сөзiңнен
сықылды жалын сезiлген‚
ет-бауыры сонша езiлген
жанбысың жарқын жамалың?
Бiлмесiн деумен үй iшiм‚
бөлменiң таптым мүйiшiн.
Түн бойы қашты тиышым‚ —
жалынға жасар жоқ әлiм.
Бұ не хал маза бермеген‚
құбылды кеуiл — кер дөнен‚
машақатты мұндай көрмеп ем‚
буына балқып барамын.
Әлде не алып еркiмдi‚
қиялға қозғау келтiрдi‚
тапқандай жеңсiк жентiмдi‚
от болып ойша жанамын.
Тiлектi тұсап кей-кезде‚
жолама деймiн ойға өзге‚
қадалған гөзәл қой көзге
не амал бiрақ та табамын?
Тiрлiкте не дәм таттық қой‚
кезiнде қызық таптық қой‚
қанағат керек‚ — сақтық қой‚ —
көтеремiн кiмнiң обалын?
Дегенмен қиын махаббат‚
не пәле саған жасатад‚ —
махаббат түбi — машақат‚
татқасын тәттi шарабын.
Сарабдал тартып соны ойлап‚
айтсам да сырды абайлап‚
отырмын саған қарайлап‚
кеулiңнiң құптап қадамын.
Жүрсем де жырақ жыртақтан‚
дегдарға емен тiл қатқан,
бақсы емен базар тарқатқан‚
жоқтаумен жәуһар заманын.
Санай бер сырбаз досыңа‚
махабаттан тек шошыма‚
қараймын саған тосыла‚
айла ендi қалған амалын.
31.01.1986