Кеуiлiм кеңге желгесiн…

Кеуiлiм кеңге желгесiн,
болар деп түбi ерге сын,
жүргiзiп жүрмiн теледе,
сүлейдiң айтар термесiн.
 

Онда жоқ жұрттың дым да ойы,
терменiң кенi — Сыр бойы,
құртады оны кiм жойып?
Бұзады кiмдер ел көшiн?
 

Басқа елде жырың қалмаған,
дұрысы, жырлау болмаған,
көнбейдi бiрақ мың надан,
лаж не оған билiк бергесiн?
 

Бiр амал тауып сонда да,
қарамай құрған торға да,
жол аштым жүйрiк, жорғаға, —
тарланның тауып теңдесiн.
 

Ұнатпай қулар онымды,
қысқартып қойды қолымды,
бұ да бiр сынақ, сорым-ды, —
сасамын одан мен несiн?
 

Амал не, жетсе ажалым,
кенiштi кеулей қазамын,
жар болса Балқы Базарым, —
ашармын шындық пердесiн.
 

Не керек надан паңдығы,
қалады ертең барлығы,
сарқылмайд Сырдың сандығы, —
дейтұғын кеуiл серлесiн.
 

Шаяндар жүрсiн шеттетiп,
көрмегей оны кек те етiп,
Бегiм-ау, ойға өт бекiп, —
термелер топты тербесiн!
 

1987 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *