Түзелер деумен бұ заман…

Түзелер деумен бұ заман
уақыт қалай ұзаған?
Алғыдан әлi дәметiп‚
тұрмыз ғой болып бiз алаң.
 

Кем болсын күшi бойдағы‚
орнына кеп iсi ойдағы‚
бар бәрi — пұлы‚ жайлары‚
жарқылдап жүр-ау жүзi арам.
 

Жақсылар басы дауда қап‚
жамандар алып қаумалап‚
жүргесiн бәрiн саудалап‚
жарылардай ол бiр ызадан.
 

Тұрғасын тумай заманы‚
қалмаған қылар амалы‚
шама-шарқы боп шамалы‚
табаннан өткен сыз оған.
 

Осы хал ортақ талайға‚
таласып қалғыл қалайда‚
заманның зарпы солай ма‚ —
бiлдiк пе бiр сыр бiз одан?
 

Туарың‚ мүмкiн‚ тумас-ты‚
қуларың‚ мүмкiн‚ құрымас-ты‚
алман деп былғап бұл басты‚
несiне көптен қызарам?
 

Қарайтын оған заман жоқ‚
әлдекiм жатыр «адам» боп‚
айлайтын айла-амал жоқ‚ —
жетедi-ау болсақ бiз аман…
 

31.07.1988

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *