Оқуға түссiн, дейсiң, милау бала…

Оқуға түссiн, дейсiң, милау бала,
шынында, бұл оқуды сыйлау ма, аға?
Ақшамен ол орынды алған мәгәс
ұғар ма асыл жүктi жиған дана?
 

Түсiрген болады ғой шын жамандық,
бiз қалай ақыл-естен құр жаралдық?
Баланың бойда барын байқамастан,
қалайда алсын, дейсiң, бiр мамандық.
 

Негiзi мамандықтың — бас пенен қол,
осындай Адам артқа тастаған жол.
Аңлаған өз қолайын — кiсi ақылды,
қашанда ол не қиыннан қашпаған зор.
 

Бекәргә, осыны ойлап, шашылма, аға,
мал керек масылға да, тасырға да.
Балаңның мамандығын бiлгей әууәл, —
ол өзi қолында ма, басында ма?
 

Ол қолда болса, жұмысқа сал балаңды,
ол баста болса, берiп көр қаламды.
Ол әгәр екеуiн де қаламаса,
бiлмеймiн, оны қалай зорлағанды.
 

Өзiңе айтар осы шын кеңесiм,
жiбермек жайсаң жiгiт кiмге үлесiн?
Битi жоқ талағында сүйреп оны,
кетiп жүр қалайынша мүлдем есiң?
 

“Құраннан” жатта да бiр асыл аят,
онан да қайт елiңе жасымай-ақ.
…Толғанып әлi отырмын, таңдау бiлмес
адамның қолы менен басын аяп.
 

01.07.1993

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *