Қу бәндәдай болар берiк сертiне
ойды неге жiбермеймiз еркiне?
Керiсiнше оның қылығына аларып,
қауашақтың қапасына қамадық.
Шындығында, қиянат қой бұл, Алла-ай,
сонда ұстаймыз қарыс қадам шығармай.
Шыға қалса ойың содан қылтиып,
жау көргендей жұрт қалады үрпиiп.
Тiл ұшынан жiк шыққандай бұл тегi, —
жұрт түйеше қарасынан үркедi.
Оған кейде жақының да қосылып,
жаныңа бiр жоламайды шошынып.
Соны көрiп, ойдың еркiн күнде ұрлап,
бiз ұстаймыз қолын оның шынжырлап.
Тұман қылып жақпарларын баратын,
ол шiркiннiң бiз қырқамыз қанатын.
Құлағын да саңырау етiп қоямыз,
көрер болса, екi көзiн оямыз.
Анық қылып, ойды айырып жұмбақтан,
жолына оның бiз құрамыз кiл қақпан.
Бұғау салып, ойға тағып мұнша айып,
дархан тiрлiк бiз кешемiз тишайып.
Құлақ тиыш, өмiрiң базар, саудадай,
жоқ арпалыс, жоқ жәнә дә дау-дамай.
Тұтқындағы ой қақпай қанат керiлiп,
есiнейдi азын ашып, ерiнiп.
Кейде менi жiбер, деп ол, ерiкке,
мый iшiнде салғандай сұм серiппе.
Сол бiр қуат қақ жарардай басымды
қорқам қатты, айтсам кәзiр расымды.
Кейде ойланам, берсем бе, деп, бостандық,
үйте қалсам, үрiкпейдi ме дос барлық?
Не iстемейдi жiберсем ой еркiне,
қақсатпай ма жамап дерттi дертiме?
Болса ол бiрде зәррәны да шайқаған,
жүрмеймiн бе қамай алмай қайтадан?
Жаңа түрiн ашса ол бiрде уранның,
қолшоқпары кетпей ме боп қулардың?
Соның соңы… Шыны — құдай ұрғаны,
жақсы-ау ойдың түрмемiзде тұрғаны.
Жаман бiрақ ол ұзаққа қамалса,
ой шiркiн де сарғаяды адамша.
Қамау да оны, қамамау да бекердей,
қорқам кейде ой босанып кетердей…
10.06.1993