Кеңестi көпке талай кәрiп айтты,
өзiнше тың түренмен жарып айтты.
«Қалтаңа ақылыңды сал», — дегенге,
тентектер талай көзiн адырайтты.
Сол екен, алған беттен бәрi қайтты.
Қайтпаған мен-ақ қана. Жүдә кәпiр
ұқпас деп, жұртқа айтпадым бiрақ ақыл.
Араққа ақырында айлап амал,
сұраған сұмға бердiм сыраға пұл.
Жәнә қыз жүрсiн, дедiм, иба таба,
деп бiлдiм, ерте есейген мый қата ма?
Бiлдiрдiм бойжеткенге болмайтынын,
ниетiн бөле қалса зинахана.
Дедiм мен жiгiтке де, жүр шегiнiп,
алысқа апармайды құр серiлiк.
Мақал бар: еш арман жоқ тұншығып қыз,
ұлдарың ұлы шаруаға тұрса емiнiп.
Ой салмақ болдым сүйдеп жұртқа қалың,
сенбейтiн соған бiрақ шықты арамың.
Халқымнан содан кейiн сырттағаным!
Өшiрмек боп жалынды, ұрттағаным!
Сондайда деймiн, пайда көп көрсек деп,
күнәнi дана неге өткен шектеп?
Тартынып туры жолдан, халық неге
бұқаша керi тартады көткеншектеп?
Алыптар әлде алысқа қараған, ә?!
Соныңа ел нана ма, нана ма, аға?
Бал қосып ел уына iшкенiммен,
нелiктен тiл-ауызым жара-жара?
Жөндеймiн бұ заманда мұны кәйтiп?
Жәләптың жүрсем бе әлде «жырын» айтып?
…Ақылға ‘алым айтқан мылтық кезеп,
талай тұр екi көзiн сығырайтып.
Барады тарлан тiлдiң жыны қайтып.
05.08.1995