Ақтарып не қойнауын кеннiң қымбат,
саласын сан iлiмнiң көрдiм былғап.
Заманнан арғы-бергi бiр сыр түйген,
адаммын әуейiлеу мен бiр жұмбақ.
Жаңғызбын. Алды-артымда жоқ таяныш,
кеулiмдi жылытардай көп баялыш.
Сонымды бiлген бойда, қашты алыстап,
жанымда жүрген жандар кетпей алыс.
Оларды мен демегем өштеседi,
кәзiр — жау, болған бiрде дос кешегi.
Бiлмейдi ондайлардың бiрi бүгiн
түбiнде шығады-ау деп босқа есебi.
Сондықтан кiл күшiген қырғиға қас,
озықты оңдырмайды ылғи да алаш.
Кезiнде Алматыны дүрлiктiрген
дейсiң сен не көрмедi бұл бұйра бас?
Ондайда мен дей алдым айыпты қатам,
лақпадым лақуаша лайықтыға тән.
Жар болды талай жерде Дөйт әруақ,
жар болды сара сардар Айтқұл атам.
Кей кезде даңғойлардан дараланып,
жаттым да жайда жаңғыз жараланып,
кенiшiн кiтәбтардың көп ақтардым,
сындардан жүрейiн деп сабақ алып.
Бiлгенiм — ер қызметiн ел өтей ме,
өткендi ұмытамыз неге кейде?
Туранда туылып-өскен Шомагуйлер
кейiннен неге айналған Шөмекейге?
Бiз қалай ұмытқанбыз соны бүгiн,
демегiн осы аңызды тегiн, iнiм.
Басталған Адам Ата, Дарабтардан
дастанды бiледi ме көп ұғылым?
Кәзiрде қайда қалған араб, фарсы?
Мәлiм ғой муслимге фәләк ғаршы.
қылуасы көп кәпiрдiң кiмге керек,
қуларға тұра алдың ба қарап қарсы?
Бiлмедiм. Көрсетпедiм шын қарымды,
мықтыға санамадым мұндарыңды.
Мен ендi жиған жүктi жайғастырып,
шешпесем болмайд жықпыл жұмбағымды…
06.02.1995