Орқылдақ осыларың оңдырмайды,
көп елдi қонысына қондырмайды.
Илалы йәһудидiң сөзiне ерiп,
шалғайды шамадан тыс шолғындайды.
Бiр кезде тақтан шаһты төңкергендер
қалғандай келiп бүгiн жерге ыңғайлы.
Оларша, өткенгiнiң бәрi оңбаған,
шынында, көрген қашан ел мұндайды?
Дүңкiге дана Жәмшид болса жаман,
тереңге кiмдер кәзiр тор құрмайды?
Шетелдiң қай жерiнде жатыр алтын,
қолдағы барын байқап, кiм бұлдайды?
Басқаға қызыққаннан бар ма пайда,
кiм айтпақ, деп, келешек көрдiм жайды?
Есерлер ес енбеген ер болғасын,
алары ақыр қиын елдiң бәйгi.
Кiмдер бар кемеңгердiң қылар сөзiн,
мәңгүрттер айтқаныңды мүлде ұрмайды.
Бегiм-ау, бос сөз айтпай, басыңды бақ,
қалтаңда тиын-тебен сылдырлайды…
1998 жыл