О кездерi тап-таза едi көкiрек…

О кездерi тап-таза едi көкiрек‚
қиял шiркiн жарысатын жұлдызбен.
Парталас боп бiр класта оқып ем,
орта бойлы‚ бидай өңдi бiр қызбен.
 

Өзi үндемес‚ асқан едi сабырлы‚
отыратын химиядан бас алмай.
Ал мен болсам‚ түсiнсе деп жанымды
отырушы ем құр қараудан аса алмай.
 

Бiрде ақыры… ол күлiмдей қарады‚
тапқандай-ақ кеулi қонар ұясын.
Қоңыр түнше тамылжиды жанары‚
батырғызды берi ысырып сиясын.
 

Бiрақ қолдан тайып түстi қаламсап‚
мен өкiнiп‚ помидорша қызардым.
Содан кеуiл тарта түстi қоламса‚
жан шiркiнiң құлы болды ызамның.
 

Бiз оқыдық бiр класта он бiр жыл‚
мен де‚ ол да одан әрi бармадық.
Арамызда ойнады бiр мөлдiр нұр‚
магнит тартқан тiл сықылды сандалып.
 

Оқу бiттi. Алматыға мен тарттым‚
бойжеткен қыз қала бердi ауылда.
Бiлiм алып, толыссам деп жан-жақты
жүргенiмде өттi заман зауылдап.
 

Күтпей менi, кеттi жат орын қызға ұнап,
маған дағы бұйырды бiр жат орын.
Нағыз орын қала бердi тұнжырап!
Болды бәрi кәте тiрлiк‚ кәте өмiр!
 

Жөндейтiндей оны кәзiр жоқ амал‚
кәртейiптi ол, етiп уақыт қаталдық.
Ағарыпты шымқай қызыл орамал‚ —
ағарыпты бiр кез қара сақал-мұрт.
 

Ашаң тартқан етi қашып келбет те…
Арадағы сұйылыпты мөлдiр нұр.
Тек кеуiл жас. Қинайды ендi сол құрғыр.
Түнередi жазалайтын жендетше
бiз мектепте бiрге оқыған он бiр жыл…
 

28.11.2001

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *