Еркiң жоқ, деген, қолыңда…

Еркiң жоқ, деген, қолыңда,
уағызды молла ұнатып,
арманың болсын о дүния,
бiздi, деп, келдi жұбатып.

 

Бiрақ та оған барған мен
келгендi қайтып кiм көрген?
Жанасқан дүмдi жандармен,
мал-дәулет жиып үлгерген,

 

барғанда ертең о жаққа,
оң-солды шашып парасын,
молла айтқан түспей тозаққа,
жұмақтан тапса ханасын,

 

не iстейсiң? Болмақ дәл солай!
Қызығын көрдi ол бұ дүнияның.
Мал жиды бiзше шаршамай,
қинамай бiзше бiр қиялын.

 

Сұлу қыз, үй-жай, ат-көлiк,
сарайлар сәндi болды онда.
Пайдадан пұлы жатты өнiп,
жайылды малы әр жонда.

 

Шәһтың да тауып ол қыбын,
айтқанын еппен жүргiздi.
Тегiнен таңлап төркiнiн,
ұзатты жырғап ұл-қызды.

 

Бұ дүния болды осылай
базары оның бұлдаған.
О дүниядан бiрде шошымай,
күн кештi не бiр мүлде арам.

 

Бiз болсақ сенiп қайдағы
таратқан қулар аңызға,
ойламай пұл мен пайданы,
алардай бақты қарызға,

 

дүниядан келер дәметтiк,
әдәләт, шындық дегендi.
Өткендер мұны әдет қып,
тiрлiкте, шыны, не көрдi?

 

Не көрдi ата-баба да,
о дүния қамын ойлаған?
О жақта заман бола ма,
шындықты тәж ғып тойлаған?

 

Мұныңды көрген жоқ бiрақ,
әлсiздер оны ептейдi.
Бұ дүнияда жүрсең шапқылап,
ештеме оған жетпейдi.

 

Ал тарих — өткен дүнияң
бұ дүниясы едi бабаның.
Iзi оның кәзiр құрыған,
кiм бiлген онда не барын?

 

Сондықтан айтам мен ашық,
шын Дүния жарық бiреу-ақ!
Тiрлiк ет тарпып, таласып,
болмастан жасық, тым олақ.

 

Әгәрдә қолдан келмесе ол,
басталмақ сөзбен жұбату.
өсе ме дарақ жерде шөл,
өшер ме залым, сiрә қу?

 

Көрмедiм оны мен дағы,
қиялға сенiп, алданған.
Дүния дүния болғалы,
өтпелi заты, ол — жалған.

 

Айтты оны адам пәни деп,
ақырында алдап кеткесiн.
Жылады кейiн зар илеп,
жастығы жылдам өткесiн.

 

Бiз соны жақсы бiлсек те,
жадқа алып ылғи жүрсек те,
кеңеске құлақ түрсек те,
келместей болдық бұл шепке.

 

Не болды соның ақыры?
Маңдайға тидi ол сарт етiп.
Кәйтесiң жының шақырып,
жасартар қандай бар тетiк?

 

Дүнияның мына бiлмесең,
кәдiрiн, құнын, қасиетiн,
дағдырға кетсе мүлде есең,
туың не сонда бас иетiн?

 

О дүния? Ақылды адамзат
ойланар кезiң жеттi ендi.
Ой-қиял емес саған жат,
жат емес шолу өткендi.

 

Бiрақ та жүрме боп пенде,
тiлiктiң деме құны — дүрия.
Не жетсiн шiркiн өткенге,
жаса, деп, жарық бұ Дүния…

 

18.10.2009

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *