Қайран Сыр баяғыша жатыр ағып,
тұр төнiп төбесiен шатыр алып.
Кеуiлдi баяғыша көтеруге
ыңғайсыз, қойыппын-ау қапы қалып.
Бермейтiн ойға мұрша, жанға мұрша
балалық алыстапты арманымша.
Көзiмнен бiр-бiр ұшып қайран дәурен,
сiмiрдiм Сырдың суын қанғанымша.
1961 жыл