(1946 — 2012)
1946 жылғы 3 сәуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туылған. ҚазҰУ-дің филология факультетін бітірген. Мерзімді баспасөзде, «Жазушы» баспасында, Қазақ телеайнасында қызмет істеген. 1976 жылдан бастап еркін шығармашылықпен айналысқан.
Оның алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, 1962 жылдан бастап баспасөзде жарияланған. «Нөсер», «Жыл мезгілдері» «Айлы түндер», «Нұр мен түнек», «Іздедім сені», «Мизам айы» атты өлең жинақтары жарық көрген.
Бегілдә Алдамжар Фирдоусидің «ШаҺнамасын» аударып, жеке кітап етіп шығарды. Ол сонымен қатар Рудаки, Хәййем, Сәәди, Хафиз, М.Салих, Шекспир, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Блок, Есенин, Твардовский, Евтушенко, Ахмадулина, Рождественский, Зүлфия М.Тұрсынзада, С.Капутикян және басқалардың шығармаларын тәржімәлады.
Оның «Қара нөсер», «Жықпыл» атты романдары және төрт кітаптан тұратын «Ұлы сел» роман-эпопеясы жарық көрген.
Қаламгер әбеби сын, зерттеу мақалалар жазумен және ән шығарумен айналысқан.
Бегілдә Алдамжардың шығармашылық мұрасы 25 томдық кітапқа топтастырылған.