Қияға күндi қондырып…

Қияға күндi қондырып,
Ұйқысы келдi даланың.
Сұстана жерге төндi ымырт,
қарс түйiп алып қабағын.
 
Болмай-ақ ауыл жайланып,
ышқына соқты жел-көрiк.
Ұстады перде Айға бұлт,
далаға сұрғылт өң берiп.
 
Түнерген бұлт төктi сел,
алай да дүлей басталды.
Мазақ қылып кеттi жел,
Үйiре соғып жас қарды.
 
1960 , №100 разъезд

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *