Шулайды мазасыз Сыр түнгi алабы,
тым сұсты жарқабақтың тұлғалары.
Ойнайды су бетiнде от сәулелер,
сияқты келiншектiң сырғалары.
Жатпастан арнасында тыным алып,
бұрқана долы ашуға мiнiп алып.
жағаға ұмтылады тентек толқын,
жаралы жолбарысша ыңыранып.
Толқындар ашу қысып желiккендей,
шайқайды дауыл оны ерiк бермей.
Бiр дүлей буырқанып жатыр дария
кеудесi гуiлдеген көрiктердей.
Тыным жоқ жағадағы бал құраққа,
осындай шулы түнде ол қалғымақ па?
Күрсiнiп дөңбекшiген бұЅйра толқын
Ұқсайды ақжал, асау арғымаққа.
Кеткендей желдiң бүгiн бағы ашылып,
қаңтарша азынайды қара суық.
…Аламат сол дүнияға қарай берем,
кеудемде әлде бiр зат алас ұрып.
1962