Өмiр-ай, қандай тәттi едiң…

Өмiр-ай, қандай тәттi едiң,
бiлмеппiн бұрын бағаңды.
Сыйлықтай алар теп-тегiн,
жортыппын сезбей шамамды.
 

Көтерiп кеуiл күйменен,
жүрiппiн босқа мәз болып.
Жолдарда жырақ, ирелең,
жабырқау тартты жас көрiк.
 

Отырып кейде оңаша,
ойлаймын үлкен парызды.
Дүнияда сонда аласа
жаңғыз-ақ өзiм тәрiздi…
 
1962

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *