Еске ал кездi алтыншы кластағы…

Еске ал кездi алтыншы кластағы,
есiңде ме ауылдың нұр аспаны?
Есiңде ме бiрге ойнап жүрген кезде
жанымызда бақыттың гүл ашқаны?
 
Бiздiң ауыл мектептен жатты қашық,
мойынға кiтәб толы папканы асып,
талай қайттық достармен түнде ауылға,
айлы аспанның астында шапқыласып.
 
Ұнатушы ем, болдым ба мүмкiн ‘асық,
сырласпадық кеуденiң құлпын ашып.
Туды ма екен сол сезiм жүрген кезде
жүгiрiсiп, алысып, жұлқыласып?
 
Аңлау қайда сан сөздiң парасатын,
өзiмiзге жәй сөз де жарасатын.
Сияқты едi өтпейтiн балалық кез,
қызғалдаққа қызығып таласатын.
 
Сенi ойлаумен талай түн көз iлмегем,
тәттi ой туды өзгеге сезiлмеген.
Сол бiр кезде-ақ мен сенi сүюшi едiм,
ешбiр адам бiлмейтiн сезiмменен.
 
Жаныма әсер әр бiр күн ала келдi,
пәк сезiмiм алаулап жана бердi.
Ұялушы ем өзiңнен сүйем деуге,
тартыншақтап сол ойлар қала бердi.
 
Үш жыл өттi. Алда көп көрiктi күн,
он жетi жас келмешi берiп гүлiн.
Тұра қалды алдымда балалық шақ,
дидарыңды өзiңнiң көрiп бүгiн.
 
Мөлдiрiндей көзiңде қарамықтың
еркелiгi қалыпты балалықтың.
Өзге адаммен арманың жалғасыпты,—
жанарыңа мен соны қарап ұқтым.
 
Басылмады кеуiлiм жәй тулаған,
махаббаты есiңе ал айтылмаған.
Есiңе алшы сол нәзiк сезiмiмдi,
кеудесiнде жарқырап ай тумаған.
 
Ұнатушы ем, болдым ба мүмкiн ‘асық,
сырласпадық бiз жанның құлпын ашып.
Қалды ма екен жоғалып пәк махаббат,
жүргенде жүгiрiсiп, жұлқыласып?
 
1962

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *