Сұрапыл сұсты ысқырып…

Сұрапыл сұсты ысқырып,
мұнармен бүркеп аспанды,
қасқырдай қарны аш тыста ұлып,
боратқан едi жас қарды.
 
Тағы да өттi-ау шiркiн күз,
жасады-ау аяз базына!
Отырған едiң үн-түнсiз,
ден қойып дүлей сазына.
 
Жаным-ау, ендi қарашы,—
аязды, ашық күн қандай!
Сымбатты Сырдың даласы
шомылып нұрға тұрғандай!
 
Ойнайды жалт-жұлт шұғыла,
жауғанадй жәуһар жұлдыздар.
Сыйлапты көк мұз Сырыма,
ызғырып соққан түнгi ызғар.
 
Терезе толы өрнекке,
не деген сыйқыр, ғажайып!
Жадырап жатыр жер, көк те,—
бiз дағы бойды жазайық!
 
Киiп ап ұшқыр шаңғыны,
зулайық жота, жондарда.
Жаңғырсын қайта жан нұры,
барайық көне жолдарға.
 
Шадыман шақты еске алып,
мәз болып, сақ-сақ күлейiк!
Қаңтардың лебiн төске алып,
жадырап, жайнап, күлейiк!
 
1962

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *