Тоқтау сап өзiм өзiме…

Тоқтау сап өзiм өзiме,
сүймен деп сенi кетiп ем.
Түскенде көзiң көзiме,
өзiмнен, сүй, деп өтiнем.
 
Қараймын сырттай ерiксiз,
көзге iлмей мiнез кемiсiн,
болсаң да шолжық, көрiксiз,—
сылқымсың асқан мен үшiн.
 
Жүресiң ылғи аңқылдап,
думаны болып мектептiң.
Қараша қаздай қаңқылдап,
бiр күнi ашсаң… не етпекпiн?
 
1962

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *