Көркем жазу

Домидың жазуы әдемi болатын. Ол бiрiншi класта оқығаннан бастап-ақ әр әрiптiң сұлбасын соншалықты ыждаһатпен, асықпай, сияны шашыратпай, арба жол дәптердiң бетiне сұлу етiп түсiруге тырысатын едi. Оның осынысына қарап, класс жетекшiсi ақ қалпақты, ақ кительдi, ақсары өңдi, мiнезi жеңiлтек, жыбырлақтау келген Жорғабек биыл төртiншi класта оқып жѕрген мұны қабырға газетiн көшiрушi етiп қойған болатын. Сонысы кейiннен басына пәле болды, — “Айна” деген қабырға газетiнiң редакторы, оныншы класта оқитын, арық, сары, шәпештеу келген Кеңесбай қит етсе мұны мұғалiмдерге айтып, шақырып ап, оқытушылар кеңсесiнiң бiр бұрышына отырғызып қойып, алдына үлкен қалың қағазды жайып, оқушы балалардың аттарынан жазған мақалаларды көшiртiп қояды. Бұл көшiрмейiн десе, класс жетекшiсi Жорғабек кейидi. Ол кейде бұған ұрысқаны аздай, оңаша жерде мұның басына арықшалау келген жұдырығымен нұқып та жiбередi. Содан кейiн Доми не iстерiн бiлмей, iшiнен: “Көркем жазып нем бар едi? Ана Шабыладай қалай болса солай жаза салсам ғой, қабырға газетiн көшiрмес те, кеңсенiң бiр бұрышында отырмас та едiм”, — деп, кейде өкiнiп те қояды.
Бүгiн ұйқысынан ерте тұрып, шәйiн ертерек iшсе де, орақ мұрынды, қалың қасты, төртпақ денелi Доми ыбылжып, әлден-ақ ыси бастаған далаға терезеден көз салып қойды. Сосын жоғарғы кластың балаларына елiктеп, кiтаптарын портфельге салмай, қолтығына қысып, мектепке беттедi. Үйдiң жанындағы қашыдан секiрiп өтiп, орталық дүкеннiң жанымен жүрiп отырып, поштаның қашына жете бергенде, мұны артынан бөкпен бет, қортық, етжеңдi Шабыла қуып жеттi де, жеңiнен тартып:
— Бүгiн көркем жазу болатынын бiлесiң бе? — дедi. Осы сабақтан үнемi “екi” алатын оның үлкендеу қой көзiнде бiр күдiк оты лып-лып ете қалды.
— Шын ба? Оны кiм айтты? — дедi бұ жайында естiмеген Доми таңғалып.
— Кеше айтты.
— Шын ба?
— Кәмсәмөлски.
— Қап, мен оған дайындалмап ем.
— Өй, оған дайындалып кәйтесiң? Сен онсыз да “бес” аласың. Сен бар ғой… — Ол осы кезде қастарынан өтiп бара жатқан қызыл бет, ақсұр дүкеншi әйел Айдананы көрiп, кенет сөзiн үзiп, мұның құлағын қолымен өзiне соза жақындатып, көзiмен әйелдi көрсетiп: — Ананы… көрдiң бе? Иә, сол. Жақында депутат болды, — дедi.
— О не?
— Өй, о деген… анау ғой, — деп, Шабыла жалпақ бетi жайыла күлдi.
— Анауы нес? — дедi Доми Айдананың класс жетекшiсi Жорғабектiң әйелі екенiн, үш-төрт баласы бар екенiн есiне алып тұрып.
— Өй, сен де бiр! Апам айтады, оны ана ауылсәбет қара Қойтбай желiктiрiп жүр деп…
—Желiктiргенi қалай?
— Өй, кетшi, сен де бiр… аяқ астында мақау бола қалады екенсiң. Жүр, кеттiк!
Доми класқа кеп, партасына отырды. Мұның қасында отыратын Ұлмаш дейтiн қалқан құлақ, қысық көз, ыржақай сары қыз күндегi әдетiнше ортасындағы ақ жiгiн аша тарап, екi жағына қарай жылмита тараған сары қоңыр шашына ақ бантик тағып, бетiне жарық май жағып алыпты. Ол сабақты нашар оқиды, есеп сабағында бұдан көшiрiп алады. Бiрде бұл мойнын созып, үңiреңдеген оған дәптерiнiң бетiн жаба сап, шығарған есебiн көшiртпеп едi, бiрнеше күннен кейiн болған класс жиналысында Ұлмаш шығып сөйлеп, мұны: “Қоғам жұмысына қатынаспайды, менмен, сабақтың түсiнбеген жерiн сұрасаң, айтпайды, мiнез шатақ”, — деп қатты сынады. Бұл содан берi оған өкпелеп жүр. Доми бүгiн де оған жылы шырай көрсете қойған жоқ. Ұлмаш та бұлтиып, бiр қырын қарап отырды.
Шынында да, бiрiншi сабақ көркем жазу болды. Үнемi жыбырлап жүретiн Жорғабек iшке аяғын тыпыңдай басып кiрдi де, қара тақта алдында тәлтиiп тұрып, қолын бор алып, тақырыпты жазды. Сосын бұларға қарап:
— Балалар, тиышталыңдар. Кәзiр мен айтып отырам, сендер жазып отырасыңдар. Асықпаңдар, түсiнбеген жерлерiң болса, сұрап алыңдар. Ал, кәне, — дедi де, қолына оқулықты алып, бiр қысқа әңгiменi дауыстап оқи жөнелдi. Оны оқып болғасын, әңгiменiң мазмұнын қысқаша түсiндiрдi де, қашанғы дағдысынша тамағын кенеп, жөткiрiнiп алып: — Ал, ендi жаза бастаймыз, — дедi.
Доми басын сол жағына қисайтып ап, алдында жаюлы жатқан дәптерiне әрiптердi сұлулап түсiре бастады. Бұл нәзiк саусағымен жiңiшке қаламсапты қыса ұстап, ұшы ортасынан сәл тiлiнген пероны дәуiттегi сияға малып ап, арбажол дәптердiң бетiне ұқыппен жазады. Бiр сөздi жазып бiтiрем дегенше, ұшқалақтау Жорғабек екiншi, үшiншi сөздi айтып та тастайды. Доми соларды есiнде сақтауға тырысып, жұқа ернiн тiстеп ап, сытырлап түсiп жатқан әрiптердiң сұлбасына сынай қарайды. Соны бiтiргесiн, екiншiсiн жазуға көшедi. Мұның осы жәйбасарлығын бiлетiн Жорғабек Домидың жанына кеп, дәптерiне көз қиығын салады да, бiр айтқан сөзiн қосымшалап қайталайды. Оның мұнысы — Домиға көмектескенi. Соны бiлетiн бұл басқалар құсап онша асықпайды.
Бүгін де бұлар кезектi қоңыру соғылам дегенше әңгiменi жазып болды. Сосын дәптерлердi Жорғабек жинап алам деп жатқанда, есiк қағылып, аздан соң iшке ауылсәбет Қойтбай кеп кiрдi. Оның қасында оқу iсiнiң меңгерушiсi ұзынтұра, бұзау көз Шәгiл бар. Шәгiл iшке кiргесiн, Жорғабекке қарап:
— Қойтекең, өтiнiш айтып келiп тұр. Оған қолы жақсы бiр бала керек, — дедi.
— Қолы жақсы ма? — Жорғабек балалардың беттерiне жағалай қарап шықты. Сосын Домидың бетiне күле қарап: — Бiзде қолы жақсы Доми ғана. Сол болмаса, — дедi.
— Кәне, оның жазғаны қайда? — дедi Шәгiл Жорғабекке қарай қолын созып.
Класс жетекшiсi оған Домидың дәптерiн бердi. Шәгiл оны ашып, сынай қарап, парақтап шықты да, басын шалқақ ұстап, кекiрейiп тұрған, бойында қырым етi жоқ қара Қойтбайға ұсынды. Ол да ендi дәптердi қарай бастады. Қойтбай дәптердi парақтап шыққан соң, жалақ ернiн бiр жалап қойып:
— Осы жарап қалар, — дедi.
Шәгiл ендi бұған қарап:
— Сен бүгінгi сабақтардан боссың. Кәзiр мына ағаңа ер, ол саған не iстеу керектiгiн айтады, — дедi.
Доми қаққан қазықтай боп бойын тiп-тiк ұстап, жылтырата шөткелеген туфлиiне шаң жұқтырмай, аяғын паңдана басып келе жатқан қара Қойтбайдың соңынан ерiп, ауылсәбеттiң ағаш бөренеден соғылған, үш бөлмелi кеңсесiне келдi. Ол онда осыдан екi жыл бұрын әкесiнiң паспортын алуға келген-дi. Онда ауылсәбеттiң председателi боп iстейтiн ақсақ Қайыпқан бұған паспортты берiп жатқанда, Доми оның қарсы алдындағы үстелде отырып, әрiптердi майда етiп, сұлу ғып жазып отырған Қойтбайға көзi түсiп кеткен-дi. Соған қарап, iшiнен қатты қызығып, iшiнен: “Ертең үлкен болғасын, ауылсәбеттiң хатшысы болсам, мен де осылай жылы жерде қағаз көшiрiп отырам-ау!” — деген едi. Ол кезде бұлар темiр жол бойында тұратын. Доми үйге келгесiн, сол туралы айтып едi, әкесi қуанып: “Өй, үйте алсаң жақсы ғой. Онда мына мен сияқты қыста аязға қатып жүрмейсiң, жылы жерде отырасың, қаламның ұшымен нан жейсiң“, — деген. Ол сонда: “Кiсi қаламның ұшымен қалай нан жейдi? Немене ол сонда ана айыр сияқты нанды шаншып ала ма?” — деп ойға батқан болатын. Ендi Доми кеңсеге кiрiп, Қойтбайдың қарсы алдына отырып жатып, сол ойын есiне алды.
Қойтбай ауданға жiберiлетiн әлдеқандай жиналыстың протоколын көшiру үшiн бұның алдына қойды да, ортасындағы қыстырылған сымдары алынып тасталған оқушы дәптерiнiң парақтарын алдына ұзынынан жайды. Сосын жалақ ернiн бiр жалап қойып:
— Мына протоколды ауданға тез жiберу керек боп тұр. Менiң қолым тимей атыр. Соны… ана дәуiт пен рөшкенi ал да, көшiре қойшы, — дедi жылы дауыспен. Неге екенi белгiсiз, оның жылы сөйлегенiн Доми iшiнен онша жаратпады.
Аздан соң Доми басын сол жағына қарай сәл қисайтып ап, қаламұшын ара-арасында дәуiттегi сияға малып қойып, Қойтбай берген протоколды көшiре бастады. Мұның сөздiң ұзынырғасынан ұққаны — жақында совхоздағы жұмысшылар кооперациясының коллективi дүкеншi Айдананы, адал қызметi, үлгiлi отбасы, жақсы тәртiбiн ескерiп, Қойлыбас ауыл советiнiң депуттатығына бiр ауыздан ұсыныпты. Соны Қазалы аудандық атқару комитетi бекiтуге тиiс. Домидың көшiрiп отырғаны — сол хЅжат. Ол сол арада өзiнiң маңызды iс қағазын көшiрiп отырғанын, мұны әшейiнде кiсiнiң сәлемiн дұрыстап ала қоймайтын Қойтбайдың елпiлдеп, өзiне тапсырып отырғанын ойлағанда, ол iшiнен аздап насаттанып та қалды. Сосын барын салып, әрiптердi барынша әдемi ғып жазуға тырысты. Бұл он шақты бет құжаттың ортасына жеткенде, Сыр бойының жазғы күнi ысып, күннiң ыстық сәулесi шаң-шаң кiшкене терезеден iшке түсiп, аядай бөлменi қапырық қып та жiберген едi. Кабинеттен сарғайған қағаздың исi шығады. Төбеде асылып қойылған, ұзыншалау келген, қолыңа желiмше жабысатын сарғыш лентаға қонып, одан аяқтарын шығара алмай жатқан бiр неше iрi қара шыбынның анда-санда ызылдап қойғаны естiледi. Соған қарап қойып, Доми да өзiн ауылсәбеттiң кеңсесiне кеп, содан құтыла алмай отырған шыбынға ұқсатып кеттi.
Түс кезiнде iшке қолына ұстаған кiшкене дорбасы мен термосы бар Айдана кеп кiрдi. Ол бұрындары мұнда келiп жүрген кiсiше еркiнси жүрiп, дорбасы мен мойны ұзын, сыртында Шығыс әйелдерiнiң жартылай жалаңаш суретi салынған термосты үстел үстiне жәйiмен қойды да, дорбасының аузын ашып, одан дастархан алып, осы кезде қағаздарын жинастырып, үстелдiң суырмасына салып үлгерген Қойтбайдың алдына жайды. Сосын ол дорбадан үш кесе, қағазға оралған пiскен ет пен әдемiлеп кесiлген нанды алып, дастарханның үстiне тастады да, термостың аузын ашып, буын бұрқыратып, сүт қатқан шәй құйды.
— Кел, бала, әлденiп алайық, — дедi Қойтбай бұған қарап, тағы да жалақ ернiн бiр жалап қойып.
Айдана әкелген тағамдарын дастарханға салып болғасын, Қойтбайдың жүзiне туралап көз салмай, бiр қырындап отырып, оң қолымен аузын басып:
— Қалғанын өзiңiз… реттей бересiз ғой, — дедi бiр түрлi қарлығыңқы дауыспен.
— Реттеймiз ғой, — дедi Қойтбай жiгiшке даусымен, аздап езу тарта түсiп.
— Онда мен кете берейiн. Кешкiсiн кеп аяқ-табақтарды алып кетермiн.
— Жарайды. Ана Төретамдағы қотырдан келген… шiмiшкi май бар емес пе… соны былай… жұртқа көрсетпей… нағыларысыңдар… Ана Еленбайлар…
Айдана басын үнсiз изедi де, аяғын ақырын басып, сыбысын бiлдiрмей, бөлмеден сыртқа шығып кеттi.
Доми сүт құйылған шәйдi жұтқан дыбысын бiлдiрмей iшiп отырып: “Бұлардың қотыры хутор болар. Ол өзi… ана Төретамдағы космодромның жанында емес пе едi? Сонда бұлардың шiмiшкi майы нес? Бұған Еленбайдың қатысы не?” — деп ойлап қойды. Бұл үстiне Сталинге елiктеп, үнемi сарғыш китель, басына фуражка киiп жүретiн, совхоздың бiр жерiнде бастық боп iстейтiн, клубта кино болғанда, үнемi бұларды тиыштандырып, нос көрсететiн, еңкiштеу келген, алдыңғы екi күрек тiсi сап-сары Еленбайды сыртынан бiлетiн. Доми оны сонысына қарап, өзi оқыған кiтаптардағы белсендi ғой деп ойлайтын. Ендi Еленбайдың осы арада сөз болғанына таңғалды.
— Бала, тойып ал, — дедi Қойтбай қара күңгiрт судай үнемi тереңiтiп тұратын көзiн бұған тастап.
— Жеп атырмын.
— Осы да жеген боп па? Мә, пiскен еттiң мына бiреуiн асап жiбер. Жiгiтке со да бұйым ба? Ана наннан ал.
Темiржолшылардың соғымға мал соймайтындықтан, совхоздың шопандарына қарағанда еттi аз жейтiнiн ойлап, Доми Қойтбай ұсынған жылқының қара кесек етiн қомағайлана асады. Оны тiсiмен шайнап көрiп едi, қаттылау екен. Шамасы, оны асығыс пiсiрген болар. Сонда Айдана неге асыққан? Әлде қазанның астына отын қаттырақ жағып қойған ба? Әлде… Сол арада Доми басына бiр қулық шауып, қара кесек еттi арық саусақтарымен жүн түткендей боп тарамыстап, жұқа ернiне асықпай апарып, кiшкенелеу келген аузына ерiне салып отырған Қойтбайдың май жаққандай жылтыраған қара түрiне қарап қойды. Шынында да, оның әжiм не тыртық түспеген жылтыр қара бетi үнемi бiр тегiс боп, тұтаса көрiнедi. Оған маңдайының төменгi жағынан берi қарай құлаған аздап қырлылау боп бiткен, желбезегi жұқалтаңдау түзу қара мұрнын бiреу жымын бiлдiрiместен тiгiп тастаған сияқты. Соның жоғарғы жағында орналасқан типиған маңдайы, екi сирек қасы, сұйық кiрпiгi, кiшкенелеу келген, үнемi қуақылана жылтырап тұратын екi көзi өзара жақсы үйлеседi. Доми соған бiлдiрмей көз сап қойды да, шәйiн сораптап iше бердi.
Ол сол күні протоколды көшiрiп тауыса алмады. Ертеңiне Қойтбай оны мектеп директоры Тойымбетовтен сұрап ап, класта сабақ берiп жатқан Жорғабекке мұны ертiп келдi де, тағы да құжатты көшiртетiнiн айтты. Тақта алдында тәлтиiп тұрған Жорғабек бұ жолы бұрынғыдай елпiлдемей, басын тез-тез изеп, дiрiлдеген қолымен басындағы ақ қалпағын қайта-қайтап жөндеп, бiр түрлi боп, жылмия күлiмсiредi. Сосын Қойтбай есiктi жаба сап, мұны ертiп, ауылсәбетке кеп, тағы да кешегi құжатты көшiртiп қойды. Тағы да түс кезiнде дорбасын көтерiп, кiсiге бiр қырынан қарап, күлгенде сирек тiстерiн көрсетпейiн деп оң қолымен аузын баса қоятын дүкеншi Айдана келдi. Ол үстел үстiне дастархан жайып жатқанда, оған тесiле қараған Қойтбай:
— Бәрi де дұрыс па? — деп қалды.
— Реттелдi ғой. — Әйелдiң даусы тағы да қарлыға шыққандай болды.
— Реттелгенге не жетсiн. Әңгiме-қауғадан қашық болу керек.
Доми екеуiнiң арасында бiр құпия барын байқап қалғандай, басын төмен түсірiп жiберiп, ау-тауық мұрнын тартып қойып, сабы жiңiшке қаламұшпен әрiптердi қағаздың бетiне түсіре бердi. Сосын шаң-шаң кiшкене терезенiң қос қабатталып салынған әйнегiнен қағаздың бетiне дiрiлдей құйыла түсіп тұрған сарғыш сәулеге, пластмасса дәуiт пен үстелге жапсырылған дерматиннiң жылтырағанына қарап отырып, күлгiн сияның бiр түрлi мұрын жыбырлатар исiн құмарта жұтты.
Айдана сыртқа шығып кеткесiн, екеуi де тағы да үнсiз отырып, дүкеншi әйел әкелген тамақты iштi. Содан түс ауып кеткенiне қарамай, көзiне тығыла берген ұйқыны зорлап жеңiп, Доми құжатты аяғына дейiн көшiрiп бiттi де, оны Қойтбайға берiп, үйiне қайтпақ болды. Қойтбай көшiрiлген құжатты қарап шығып, ырза боп:
— Жақсы екен, — дедi. — Әке-шешеңе сәлем айт, қолың жақсы екен, сабақты дұрыстап оқы. Тағы да керек болсаң, директорыңнан сұрап алам, бас тартып жүрме.
Доми оған басын изеп, көзiне түсе берген шашын қолымен артына бiр қайырып қойып, аяғын тезiрек басып, сыртқа шықты. Күн бұл кезде едәуiр еңкейiп қалған екен, ауа тып-тымық, үп еткен жел болмағасын, кеңсенiң көше бетiне салынған кiшкене қоршаудың iшiнде өсiп тұрған үш-төрт түп қайыр талдың шаң басқан жасыл жапырақтары тербелмей, құдды ұйқыға шомғандай, бұтақтарға асылған қалпы салбырай қалыпты. Айналадан шаң исi шығады. Доми мұрнын тыржитып, қолына жұққан күлгiн сияға қарап, асығыс жүрiп келе жатыр едi, артынан бiреудiң жүгірiп келе жатқан дыбысын естiп, жалт қарады, — Шабыла екен. Ол келген бетте, қарсы түскен күннен көзiн қысып, қолымен бетiн көлегейлеп:
— Қалай, бiттiң бе? — деп сЅрады.
— Иә.
— Былай… өзi… тамақ бердi ме?
— Бердi ғой.
— Ендi… депутат болғасын, оңай ма? Ана дүкеншi iждемесiн аямаған шығар? Майлы етке тойып, сен қатырдың, — деп, Шабыла жымыраңдай күлдi.
— Қойшы, сен де бiр.
— Байқа, тоям деп жүріп… қ…ды ұстап қалма.
— Кетшi әрi. — Доми Шабыланы iшiнен бiр қойды.
Арада бiрнеше апта өттi. Биылғы оқу жылының аяқталатын уақыты жақындап та қалды. Бүгін әлденеге кеуiлсiздене қалған Жорғабек сабақты пысықтатпай, iшке кiргесiн, қолына журналды алды да, бұлардың қай сабақтан қандай бағаға шыққанын асықпай оқып бердi. Бұл тағы да көркем жазудан “беске” шықты. Шабыла мен мұның жанында отыратын Ұлмаш одан тағы да “үшке” шығыпты. Соны естiгенде Ұлмаш кiржiңдеп, дәуiтке қаламсабын батыра берген мұның қолын қағып жiбердi де:
— Өз дәуiтiңдi алып кел, — дедi.
Осы кезде есiк кеңiнен ашылды да, мектеп директоры, қасқа маңдайлы, ортадан сәл биiк бойлы, толық денелi, үнемi ырсылдай дем алып жүретiн Тойымбетов iшке кiрдi. Балалар орындарынан жапырлай тұрды. Бұлар отырғасын, Тойымбетов биылғы оқу жылының бiткенiн, балалардың жақсылап демалуы керектiгiн айтты да, соңынан бұған қарап:
— Сен бар сабақтан жақсысың, бұл дұрыс, — дедi даусы созып. — Саған қоғамдық жұмыс тапсырғалы отырмын, сен кәзiр ана ауылсәбетке бар, олардың документтерiн көшiруге көмек бер, — дедi.
Доми қарсы ештеме дей алмады. Сол күні ол кешке дейiн қағаз көшiрдi. Содан үйiне кеш келiп едi, әкесi мән-жайды бiлгесiн:
— Е, дұрыс екен, қызметке әлден үйрене бер. Сүйтсең, ертең мына мен құсап күнге күйiп жүрмейсiң, көлеңке жерде, нанды қаламның ұшымен жейсiң,— дедi.
— Сонда қалай… қаламмен шаншып па? — дедi Доми күлiп.
— Шанышасың ба, күрейсiң бе, әйтеуiр, нанды оңай тапсаң болмай ма?
Содан бастап он күн бойы Доми ауылсәбеттiң кеңсесiне барып, құжаттарды көшiруге көмектестi. Түс кезiнде, әдеттегiдей, дүкеншi Айдана әйел әлде бiр қайын сiңiлiлерiнен берiп жiберген тамаққа тойып алады. Мұның соған дәнiккенi сонша, сағаттың тiлi он екiден асысымен, жазып отырып, шаң-шаң терезеден дүкен жаққа телмiре қарай беретiндi шығарды. Мұның осы арада бiр байқағаны, түс кезiнде Айдананың өзi келмей, кеспелтек денелi қара қыз iшке дорба көтерiп кiргенде, жалақ ернiн жалап қойып отырған Қойтбай оны жақтырмағандай көзiнiң астымен қарап, иегiн сiлтей салады. Бұл соны көрiп: “Бұ несi?” — деп таңғалады. Доми бүгін де сағаттың тiлi он екiден аса берiсiмен, оқтын-оқтын дүкен жаққа қарап қойып отыр едi, кенет есiк сықырлай ашылып, iшке дорба көтерген, қолында шелегi мен сыпырғышы бар Айдана кiрiп келдi. Оны көрiп, Қойтбай ырайланып:
— Келгенiң дұрыс болды. Кеңсенiң iшi шаңға толып кеттi. Еден аяқ алып жүргiсiз. Мына балаға жейтiнiн бере сал, үйiне барып жеп келсiн, — дедi. Сосын ол бұған қарап: — Сүйте ғой, мына кеңсенiң iшiн сыпырып, жумаса болмай тұр. Кәне, тездет. Айтпақшы, онша асықпа, түстен кейiн сағат үшке таман келсең де болады. Көшiрiлетiн қағаз таусылып та қалды, — дедi даусы әлденеге барлыға шығып.
Доми қолына Айдана берген түйiншектi ұстап, орнынан лып етiп түрегелдi де, сыртқа шықты. Сосын аяғын тездеп басып, үйiне келдi. Бұ кезде шешесi сексеуiл салынған самаурынды ызыңдатқан қалпы қос құлағынан көтерiп, үйге кiрiп бара жатыр екен. Доми оның соңын ала iшке кiрдi де, дастархан басында отырған әкесiнiң жанына кеп малдас құрды. Сосын түйiншегiн шешесiне бердi.
— Бұ не? — дедi шешесi бҰған тңырқай қарап.
— Тамақ қой. Күндегi жейтiнiмiз.
— Е, дұрыс болды ғой. Бәрiн дастарханға сал, депутат қатынның бастықтарға беретiн дәмiнен татып көрейiк, — деп әкесi кеуiлденiп, ыржия күлiп.
Тамақ iшiп болғасын, Доми сағатқа қарап едi, әлi бiр жарым екен. Сосын терезелерiне газет жапсырылып, iшiнен қалың жапқыш жабылып, қараңғыландырылып қойылған басқа бөлмеге кiрiп, қара сандықтың үстiнде пәттелене жиналып қойылған бiр көрпенi жайып, iшiндегi мақтасы түйiртпектелiп қалған бiр көпшiктi ала сап, жата кеттi. Содан әрi жатты, берi жатты, бұрын дағдыланбағасын ба, ұйқысы мүлдем келмей қойды. Сосын қол сағатына қарап едi, оның қысқа тiлi екiге тақап қалған екен. Сол арада Доми: “Өй, ауылсәбет те бiр соншама кергiп? Немене ол маған айлық төлеп жатыр ма? Бармасам не iстейдi? Үйтсем ұят болмай ма? Қой, онан да бүгін бәрiн бiтiрейiн, сосын әдеби кiтап оқиын”, — деп ойлап, орнынан атып түрегелiп, көрпе-төсектi асығыс жинап, сандықтың үстiне қоя сап, аяғына ұшы ақжем болған туфлиiн киiп, сыртқа шықты. Сосын тездете жүріп отырып, ауылсәбеттiң кеңсесiне келдi де, ағаш есiктiң сырты жылтырата никель жағылған жiңiшке тұтқасына қол созды. Оны тартып едi, есiк ашылмады. Сосын оның күнде көлденең iлiнiп, қара құлып салынатын сыртқы жалпақ темiрiне қарап едi, ол төменде бос салбырап тұр. Доми ендi тұтқаны қаттырақ тартып едi, ағаш есiк сыртқа қарай сәл лықсыды да, iштегi iлмешек кедергi жасағасын, ашылмады. Iшiнен таңғалған Доми тұтқаны ендi қатты-қатты тартып қалды. Сол екен, iш жақтан әлдекiмдердiң асығыс тұрып жатқан, аяқ басқан дыбыстары мен ақырын сыбырласқан дауыстары естiлгендей болды. Доми қатты дағдарып: “Сонда бұ кiмдер болды? Айдың, күннiң аманында есiктi iштен iлiп не көрiндi? Ауылда жүрген қайдағы ұры?” — деп ойлап үлгергенiнше болмады, кенет есiктiң iштегi iлмешегi сырт ете қап, ағаш есiк сыртқа қарай шалқая ашылды да, екi бетi қып-қызыл боп, оң қолымен аузын басқан күйi, бұған қарамастан, дүкеншi Айдана шығып, сыртқа қарай зыта жөнелдi. Доми оның соңынан қарап тұрып, әлденеге дүкеншiнiң қолында дорбасы жоқ екендiгiн байқап қалды. Сосын iштен күнде өтектеп киетiн өңiрi аздап қыржымдалып қалған, екi етегi ышқырына асығыс сұғыла салынғанған көйлегiн жөндеп қойып, өзiне жаман көзiмен қарап, аздап ентiге дем алып тұрған, жылтыр қара бетiне ептеп қызыл қан шапқан Қойтбайды көрдi. Ол осылайша ентiгiн басып аз тұрды да, жалт бұрылып, шаң-шаң терезенiң форточкасын ашып, костюмiн киiп, сыртқа шығып кеттi. Соны көрiп, Доми кабинетке не кiрерiн, не қайтып шығарын бiлмедi. Ол ақыры аңқиып тұрған ағаш есiктi сыртынан жапты да, бүгін жұмыстың берекесi болмайтынын бiлiп, кеңседен шықты. Далада ешкiм де жоқ. Доми сол арада кеңсенi ашық тастап кетудiң ретiн таппай, сәл кiдiргiштеп едi, осы жерден жүз метрдей жердегi ағаш әжетханадан Қойтбайдың қақырынған даусы естiп, кенеттен себепсiзден-себепсiз қолын бiр сiлтеп, көше жаққа бұрылды. Шаңы ептеп соққан аңызақтан көтерiлiп, аздап бұрқырап, көзiне тығыла берген құмшауыт көшемен жүріп отырып ол орталықтағы дүкеннiң жанына қалай жеткенiн байқамай да қалды. Сол арада дүкеннiң түскей бетiндегi тор қоршаудың iшiнде шiмiшкi май құйылған темiр бөшкелердi екеулеп домалатып келе жатқан Жорғабек пен Айдананы көрiп, селт ете қалды. Екеуi де дым болмағандай бiр бiрiне күле қарасып, әлдене жайлы сөйлесiп қояды. Бұл аң-таң.
Доми үйге келгесiн, өзiне таңырқай қараған шешесiне:
— Жұмыс бiттi, — дей салды.
Ол сол күннен бастап әрiптердi қағаз бетiне әдемiлеп түсіруге ерiнiп, қалай болса солай, айбақ-сайбақ етiп жазатын болып алды…

1964 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *