Даңқпен өлшенбейтiн, көлемменен,
кеудеңнiң қазынасы өлең деген.
Көңiлдi ол жылатады, жұбатады,
гүлiңдi жайнатады көгермеген.
Жырда бар бiр достыңның шаршағаны,
асылын, туған жерiн аңсағаны.
Отына, жыр, сезiмнiң қайнатылған,
шайырдың ақ жанының бал шарабы.
Әр сөзi сияқты алтын өмiлдiрiк,
тұрады ол бар жерде өмiр күлiп.
Оқысаң, толқытады ол жан дүнияңды,
ләззәттың теңiзiне шомылдырып.
Ол емес көрiнгеннiң сандырағы,
жаныңды тоңдырады ол, жандырады.
өлең-жыр дихандардың қарбызындай,
шөлдесең, мейiрiңдi қандырады.
1962