Туған ел, майда да емен, iрi де емен…

Туған ел, майда да емен, iрi де емен,
қатардың қоры да емен, дүрi де емен.
Жәй ғана жiгiтiңмiн, үмiтiңмiн,
жалт етер жыйған жұмбақ жүгiменен.
 
Әзiрге аз болса да тындырғаным,
шерткем жоқ тiрлiк жайлы сырдың бәрiн.
Кенiшiн сол қойнаудың ақтара алмай,
келмейдi бармақ тiстеп, “құрғырлағым”…
 
1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *