Сыр бойында сезiлдi ме күз лебi…

Сыр бойында сезiлдi ме күз лебi, —
ақ шағылға өрнек салды дүз желi.
Сол өрнекше сансыз жол боп қағазға
түсе бердi түрлi ойымның iздерi.
 
Көктем келдi сыяқтанып қыз демi,
тасбақаның көк дауылы дүздегi
көп өрнектi өшiрiп ед өшiгiп,
өштi сондай көп ойымның iздерi.
 
Бұ не жағдай? Кеуiлiмнiң күзi ме?
Жоқ, тағдырдың сұққан жанға бiзi ме?
Мен, әйтеуiр, көп қараймын қағазға,
мен, әйтеуiр, көп қараймын iзiме…
 
1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *