Кей кезде өмiр жайлы қалам ойлап,
әр түрлi ой сонда мыйда салады ойнақ.
Әрбiр күн өткен сайын қуанам да,
артынша өкiнемiн баладай нақ.
Қуанарым — жас келiп жас жағына,
арманның апарардай асқарына.
Өткен күн шежiредей тiрi куә,
бiр қадам болашаққа басқаныма.
Өкiнерiм — тiршiлiк алдымда көп
сұрардай артқа белгi салдым ба деп.
Сондықтан өтсе бiр күн, ойланамын,
жақындап жол шетiне қалдым ба деп…
25.02.1963