Қайрат бар әйдiк көзiңде,
ақ ешек, сенi ұнатам.
Көлiк етiп кезiнде,
мiнiп жүрдi бiр атам.
Бастың сен сазды, құмақты,
тас жолдар жатты азаптап.
Үстiңе ауыр жүк артты,
көрiнген кiсi мазақтап.
Көшеде жүрсең кесектеп,
бала да сенi састырды.
“Сенiң нәтiң ешек”, — деп,
қожайының басқа ұрды.
“Ешек те мал ма iзгi”, — деп,
талай адам сабалап,
атқарсаң да шын қызмет,
ақымақ, дедi табалап.
Мiсе тұтпай мiнгенге,
етiңнiң кессiн бөлшегiн.
Қамшымен оссын жүргенде, —
бәрiне көндiң сен соның.
Ешек десiн кезiнде,
менiң ойсыз бiр атам,
сабыр бар үлкен көзiңде,
о ешек, сенi ұнатам!
Еңбексiз бос сандалған,
көтере бiлмес еңсенi,
сабырсыз, ойсыз жандардан
артық көрем мен сенi.
Сондықтан жұртқа дабылды
қақпай, жүрмес еш еппен,
еңбекқорлық, сабырды,
үйрен деп айтам ешектен…
Қайрат бар әйдiк көзiңде,
ақ ешек, сенi ұнатам.
Көлiк етiп кезiнде,
мiнiп жүрдi бiр атам.
Бастың сен сазды, құмақты,
тас жолдар жатты азаптап.
Үстiңе ауыр жүк артты,
көрiнген кiсi мазақтап.
Көшеде жүрсең кесектеп,
бала да сенi састырды.
“Сенiң нәтiң ешек”, — деп,
қожайының басқа ұрды.
“Ешек те мал ма iзгi”, — деп,
талай адам сабалап,
атқарсаң да шын қызмет,
ақымақ, дедi табалап.
Мiсе тұтпай мiнгенге,
етiңнiң кессiн бөлшегiн.
Қамшымен оссын жүргенде, —
бәрiне көндiң сен соның.
Ешек десiн кезiнде,
менiң ойсыз бiр атам,
сабыр бар үлкен көзiңде,
о ешек, сенi ұнатам!
Еңбексiз бос сандалған,
көтере бiлмес еңсенi,
сабырсыз, ойсыз жандардан
артық көрем мен сенi.
Сондықтан жұртқа дабылды
қақпай, жүрмес еш еппен,
еңбекқорлық, сабырды,
үйрен деп айтам ешектен…
1963