Мысалға кейбiр есiмдi ал,
ұқсамас көп қой түрлi аттар.
Апырмау, мұнда не сыр бар,
апырмау, қандай жұмбақ бар?
Өмiрде, жиын, тойларда
Бегiлдә болып атанам.
Бег болсын деп қойған ба,
ырымдап әлде ата-анам?
Менi емес, кейбiр есiмдi ал,
толып жатыр түрлi аттар.
Апырмау мұнда не сыр бар,
апырмау, қандай жұмбақ бар?
Иә, адал менен арамдар,
жақсы менен жамандар,
араласып кетер деп,
бұлай болу бекер деп,
әу басында өте ерлеп,
ат қойыпты адамдар…
17.02.1963