Ақтөс, көзiң тiршiлiкке тұр қарап,
өлсең, құның топырақ қой бiр қалақ.
Жақындайсың қасыма, егер нан берсем,
құйрығыңды орамалша бұлғалап.
Сүйек үшiн иттерменен таласып,
жылмаңдайсың жандарына жанасып.
Үзiм нанға үнсiз ғана көз салып,
үзiм нанға жатқандарың таласып.
Ақтөс, сенi сипаласам кейде елеп,
қолды жалап, жақындайсың өрмелеп.
Сол сәт iштей тiлеймiн мен: «Осындай
ит мiнездi адамдарға берме!» — деп…
15.08.1963