Жадымда сол бiр сәт ғажап…

Жадымда сол бiр сәт ғажап,
ғайыптан нұрдай жолықтың.
Аққудай әсем мәрт қазақ,
армандай алдан жарқ еттiң.
 
Сол сурет қалды жадымда,
көшпедi көркiң көңлiмнен.
Жүрсем де дүлей, жалында,
етпедiм ұмыт мен мүлдем.
 
Зулады жылдар керуенi,
үзiлдi жiбi үмiттiң.
Ұмыттың аздап сен менi,
мен де аздап сенi ұмыттым.
 
Жабырқап жүрдiм жырақта,
жаңғырмай жаным жарадар.
Сүрiндiм сұмдық сынақта,
қалмады тауым паналар.
 
Кенеттен нұрдай жалт еттiң,
айықты көңiлiм тұманнан.
Армандай асыл жалт еттiң,
арылды жаным күмәннан.
 
Керексiз маған атақ, бақ,
жабығу жырақ жоғалды.
Өмiрге деген махаббат
қайтадан маған оралды.
 
1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *