Шақырған жерге келмедiң…

Шақырған жерге келмедiң,
түсiнем, бәрi орынды.
Көрсең де, iштей, көрмедiң,
кiршiксiз мөлдiр көңiлдi.
 
Кәйтейiн, басқа жоқ амал,
көз алмай келер әр күннен,
шаттықтың сәтiн оралар
сағына күтiп қалдым мен.
 
Қойды өтпей бiрақ күн шiркiн,
асыққан жанға солай ма?
Қойды ұзақ кетпей тұнжыр түн,
дөңбекшiп шомдым көп ойға.
 
Жапандай жатқан өмiрсiз,
ғайыптан хабар келер деп,
отырмын әлi көңiлсiз,
дыбысқа әрбiр елеңдеп…
 
1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *