Көзiңнiң салма қиығын,
отыршы салқын жат жанша.
Сезiмнiң тәттi күйiгiн,
жақсы ғой, күлген, тартқанша.
Бiрақта оған бiлдiрмей,
қарайсың маған ерiксiз.
Қоймассың, сiрә, күйдiрмей,
көңiлдi жатқан желiксiз!
Ақ бетiң ду-ду қызарған
бередi жылу жаныңа.
Жаңғырып қайта жүз арман,
қараса деймiн тағы да.
Көкiрек жылып, дем ысып,
отырмыз қимай сол сәттi.
Көзiммен жатқан өбiсiп,
көзiңнен көрдiм моншақты.
Қинады-ау жанды сол құрғыр,
құрбым-ау, бәрi тегiн бе?
Көңiлiме құйып мөлдiр нұр,
өртенсiн менi дедiң бе?
1963