Ал да нәзiк ернiңдi ажыратып,
еркелешi, өскенмiн наз ұнатып.
Қоштасалық ертеңге дейiн ғана,
көктам таңы қалады кәзiр атып.
“Асылсың сен кездескен өмiрiмдегi”, —
деп айтып жаттың сөздi көңiлiңдегi.
Бiлсең, менi соншама қызықтырған, —
бiр бақыт үлбiреген ернiңдегi.
Қолыңа мүлде ашудың мұзын алмай,
бақытты етшi өзгелер қызығардай.
Ол бақтың ерiндерде аймаласқан
жоғалмасын мәңгiлiк iзi қаламй…
29.03.1963